Ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан Ақселеу Сейдімбек атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауы өткен болатын.
Аталмыш шараға академиямыздың қазақ тілі әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Е.М. Ермағамбетов проза жанры бойынша бағын сынап, жүлделі 2 орынға табан тіреді.
Әдеби байқауға облысымыздың 18-35 жас аралығындағы қаламдықарымды қаламгерлер, журналист, өзегінен өлең өрілген небір ақындар қатысқан болатын.
Біздің академия қызметкері осындай сайыстан жүзден жүйрік аталып отырғаны көңіл қуантады.