ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Денсаулық сақтау” бағыты бойынша ОӘБ отырысы

8 ақпанда “Денсаулық сақтау”бағыты бойынша ҚР ҒЖБ ОӘБ №5 отырысы өтті. Отырысқа ҚР барлық медициналық жоғары оқу орындарының өкілдер, және “Bolashaq” Академиясынан “Клиникалық медицина” және “Менеджмент” бойынша ҚР ОӘБ ЖББМ мүшелері Д.К. Пахомова мен С.К.Болдыш қатысты.

“2023 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері, ҚР Денсаулық сақтау кадрларының қамтамасыз етілуін талдау” бірінші мәселесі бойынша ҚР ДСМ “Салидат Қайырбекова атындағы ҰҚШҰО” ШЖҚ РМК Денсаулық сақтау кадр ресурстары обсерваториясының бастығы Демушкана Ольга Юрьевна баяндады. Мәселе үлкен қызығушылық тудырды, өйткені республикада, әсіресе, ауылдық жерлерде медициналық кадрлардың тапшылығы байқалады.

“Денсаулық сақтау “даярлау бағыты бойынша ББ түлектерін тәуелсіз бағалау (ерекшеліктер, сарапшылар тізімін келісу) екінші мәселесі бойынша” ҰЭО “ББ білім алушылары мен түлектерінің білімі мен дағдыларын бағалау бөлімінің басшысы Досмамбетова Құлсара Коралбайқызы баяндады. Баяндама аппеляция жүргізу және тесттерге F типті үш компонентті сұрақтарды енгізу жөнінде қызу пікірталас тудырды.

“Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу” деген келесі мәселені ОӘБ қызметін үйлестіру басшысы Сыдықова Сәуле Ілиясқызы баяндады. Бұл мәселе бойынша апта ішінде өз ескертулері мен ұсыныстарын енгізуге болады деп шешілді.

Денсаулық сақтау кадрларын даярлау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері әртүрлі жағынан қаралды, сондай-ақ кейбір мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің сертификаттау курстарының бағдарламалары бекітілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.