“БІЗ, ЖАСТАР, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ!” тақырыбындағы семинар

03 маусым 2022 жылы ” ЖАҢАРУ” Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” РҚБ – ның Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қарағанды “Bolashaq ” академиясы ” Саналы ұрпақ” жобалық кеңсесінің және “Облыстық қазақ тілі және мәдениеті қоғамы” қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ” БІЗ, ЖАСТАР, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ!” тақырыбында семинар өткізілді.     

  Семинар мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.                    

  Семинарға ” Облыстық қазақ тілі және мәдениеті қоғамы” ҚБ төрағасы, профессор Е. Серімов, ” Bolashaq ” академиясы ” Саналы ұрпақ” жобалық кеңсесінің жетекшісі, доцент Р. Исмайлова, ” Мейірім” волонтерлік клубының жетекшісі М. Байшагиров, ” Руханият” ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ә.Аупенова және де ” Bolashaq ” академиясының студенттері қатысып, ” ЖАҢАРУ” РҚБ Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары, профессор Құрманғазы Сембиев баяндама жасады.                  

            

   Семинарда студенттік ортада жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру міндеті айқындалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді және өткізуді бақылауды қамтамасыз ету қызметі түсіндірілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.