12 қыркүйекте “Bolashaq” академиясының жастар ісі жөніндегі комитеті мәжіліс залында бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты – оқу орнының табалдырығын кеше ғана аттаған жастардың студенттік өмірге бейімделуіне қолғабыс ету, көкейлеріндегі сауалдарға жауап беру.


Академияның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Райхан Налжигитовна бірінші курс студенттерін академияның соңғы жылдардағы жетістіктері туралы хабардар етті. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы, студенттердің жан-жақты дамуына зор ықпал ететініне тоқталды .
Сонымен қатар, кездесуге академияның студенттік ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Ұйым координаторлары студенттерге өздерінің студенттік ұйымдары туралы қысқаша ақпарат беріп, ұйымға мүше болуға шақырды.

Іс-шара соңында студенттер Академиядағы үйірмелерге және алдағы іс-шараларға байланысты өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.