2021 жылғы 24 ақпанда “Bolashaq” Академиясының “Руханият” ҒЗО директоры, Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі А.У. Аупенова Қарағанды техникалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ZOOM форматында ұйымдастырған “Бір шаңырақ астында” Алғыс айту күніне арналған аймақтық дөңгелек үстелдің спикері болып сөз сөйледі.
“Қазақстан халқы Ассамблеясы – халық өкілдігі жүйесіндегі өзіндік институт” тақырыбында сөйлеген сөзінде Әлия Укужановна “Қазақстан халқы Ассамблеясы әрбір қазақстандықтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстанның қазіргі жастары өз жолының басында тұр, ал қазір оған ең басты керегі – қалған өмірге бағдар болатын мызғымас құндылықтарды сіңіру”, деп атап өтті.
Дөңгелек үстелдің қызметімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://assembly.kz/ru/news/ya-blagodarna-kazakhstanu-za-svoe-detstvo-v-karagande-vspominali-zhertv-nasilstvennoy-deportatsii/