Білім күні

Құрметті студенттер, оқытушылар және “Bolashaq”академиясының қызметкерлері!

1 қыркүйекте біз Білім күнін атап өтеміз. Бұл мереке жыл сайын жаңа оқу жылын ашады. Бұл күн біздің бірінші курс студенттеріміз үшін ерекше толқытатын күн болады. Салтанатты жиыннан бастап олар үшін қызықты білімге, таңғажайып таныстарға, ұмытылмас оқиғаларға толы жаңа өмір есігі ашылады.

Барлық бірінші курс студенттерін “Bolashaq”академиясының студенттері қатарына сәтті қабылдануымен құттықтаймыз.
Оқуда, ғылымда, спорттық және қоғамдық өмірде сәттілік тілейміз. Сіздердің әрқайсыңыз академиядан өз білімдеріңіз бен дағдыларыңызға , шығармашылық қабілеттеріңіз бен дарындарыңызға лайықты қолданыс табады деп үміттенеміз.

Академияның барша ұжымына , профессорлық-оқытушылық құрамға, студенттерімізге жаңа жетістіктер мен жеңістер, ортақ үміттер мен жоспарларды табысты іске асыруға, мақсаткерлік пен еңбексүйгіштікке, үздік болуға деген ұмтылыс тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.