Ұстаздар күніне концерт өтті

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың

.

5 – қазан күні “Bolashaq” Академиясында қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегі бар Ұстаздар қауымын құттықтауға арналған мерекелік концерт өтті.Мерекелік концертте Академия ректоры Рысмагамбетова Гульнара Мусиевна білім ордасында қызмет етіп жүрген барша Ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Концерт барысында әр кафедра студенттері өз өнерлерін көрсетті.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.