“Bolashaq”Академиясы түлегінің жетістіктері

Дүниежүзілік фармацевтер күніне – 25 қыркүйекке арналған сұхбатқа біздің жергілікті 5 арнада “Bolashaq” Академиясының 2016 жылғы түлегі, фармацевт, фармация магистрі, “Қарағанды медицина университеті” КЕАҚ ассистент-профессоры Төлебаев Ерболат Әбибіллайұлы қатысты.

Осы сұхбат барысында Е. А. Төлебаев фармацевтика өнеркәсібінің даму жағдайы және еліміздегі отандық фармацевтикалық өнімнің қолжетімділігі, фармацевтика өндірісі бойынша жақсы дамыған өңірлер және шет елдерде отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұраныс, сондай-ақ фармацевттерге қажеттілік және осы саладағы ғылыми зерттеулер деңгейі туралы пікірімен бөлісті.

Жалпы, осы уақытқа дейін барлық фармацевтер мен ғалымдардың білімі мен бірлескен еңбегінің арқасында Қазақстан халқы қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

Фармация кафедрасының аға оқытушысы Теміреева К.С.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.