ҚАЗЫБЕК БИ МҰРАСЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

Дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері, әділдік, парасаттылық қағидаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды.

Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.

Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды.

Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.

Ол парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет және адал істермен жеңуге болады, деп санады.

Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды. Мысалы «Өркенім өссін десең, кекшіл болма –кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма – өскеніңді өшірерсің», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп айтып, әр қабылданар шешім мен істің тек бір адамның ғана емес, тұтастай елдің тағдырына әсер ететінін жеткізген.

Қазыбек би бір оқ атпай, қантөгіссіз-ақ ең күрделі мәселелерді шеше алған.

Ең мықты хандар мен қасарысқан жаулар да оның сөзіне құлақ асқан, өйткені Қазыбек би оларды сөзі мен даналығымен таң қалдырған. Оларды жүректеріне жеткізіп айта білген.

Ол сондай-ақ бытыраңқы қазақ руларын біріктіріп, бейбітшілік пен келісімге шақырды. Қазыбек би өзінен кейін халқына талай пайдасын тигізген әділ заңдар қалдырды.

Парасаттылық сабағында Қазыбек бидің үш қасиеті-тапқырлық, шешендік, шыншылдық туралы айтылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.