4 желтоқсан күні Ю-21-2 тобының кураторы Л.М.Жунусова топ студенттерімен қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 310 жыл толуына орай кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында Абылай ханның өмірбаяны, хандық құрған кезеңдерінің тарихы, Абылай хан туралы қазіргі жарыққа шыққан кітаптар, басылымдар жөнінде мағлұматтар кеңінен талқыланды. Топ старостасы Усербаева Жанаргүл «Қазақтың ұлы ханы – Абылайдың туғанына 310 жыл» атты баяндама дайындап, презентация жасады.
Әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Ол жаулап алынған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге барынша күш жұмсады. Абылайдың қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясатты ұстанғандығы, Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды.
Абылай хан – қазақ тарихында өшпес із қалдырған тұлға.Барлық қазақ халқы қадір тұтатын Абылай ханның билік еткен жылдары қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келді. Тапқырлығымен, даналығымен бүкіл елді ақ тудың астына жинаған хан Абылай көзі тірісінде әулие атанған тұлғалардың бірі. Сол себептен де Абылай хан билік жүргізген жылдар қазақ тарихында алтын ғасыр саналады.
Студенттер Абылай ханның жорықтары, ел билеген кезеңдері, Абылайдың өмір жолына арналған «Көшпенділер» фильмінен үзінді көріп., ұлы тұлғаның терең, кемел, даналыққа толы саясатын жан-жақты пікірлесу арқылы талқылап, тұжырым жасады.