Оқыту семинарына қатысу

5 желтоқсанда фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары: Инфекциялық вагиниттердің терапевтік стратегиялары тақырыбында офлайн форматта оқыту семинарына қатысты. Баяндамашы И.Л. Копобаева, “МУК” КЕАҚ қауымдастырылған профессоры. Семинарды Nobel фармацевтикалық компаниясы ұйымдастырды.

Семинардың тақырыбы өте өзекті, өйткені қазіргі уақытта қай жаста болмасын, адамдарда осы нозологиямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалуда.

Дәріскер вагиниттің этиологиясына, диагностикасына және емделуіне тоқталды. Дифференциалды диагностика мен емдеудің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Баяндама үлкен қызығушылық тудырды: көптеген сұрақтар қойылды, кейбір қатысушылар кеңес алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.