2020 жылдың 29 сәуірінде Қарағанды «Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының сырттай бөлім тобы студенттері дипломдық жұмыстарын мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында онлайн қорғау жұмыстарын бастап, қорытынды аттестаттаудан өтуге мүмкіндік алды.
Білім алушылардың бұл тобы үшін дипломдық жұмысты қорғау қолжетімді ақпараттық онлайн коммуникациялық технологиялардың қолданылуымен өткізілді.
МАК төрағасы – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті ф.ғ.к. Б.А.Қалиев, комиссия мүшелері – кафедра меңгерушісі, профессор Қ.З.Сембиев, профессор М.Хамзин, кафедра доценті А.М.Бабашов және бакалаврлық диплом жұмысының ғылыми жетекшілері Р.Х.Абдрахманов пен Р.Н.Исмайлова қатысты.
Дипломдық жұмысты ғылыми жетекшілерінің қатысуымен зК-17-1к тобының алты студенті қорғады. Дипломшыларымыздың өз жұмыстарын онлайн қорғау ешқандай техникалық қателіктерсіз сәтті өтті.
Мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшесі профессор М.Хамзин әр студенттің еңбегіне жеке-жеке тоқталып, жұмыстарға сипаттама бере отырып баға берді. Сондай-ақ комиссия мүшесі профессор Қ.З.Сембиев диплом жұмысын қорғаушыларға Республикамыздағы жарияланған карантин кезінде онлайн шығып, еңбектерін қорғап, комиссия мүшелерінің сұрақтарына толық тиянақты жауап бергендеріне ризашылығын білдіріп, онлайн қорғаудың сәтті өткеніне өз алғысын білдірді. зК-17-1к тобының студенті Э.Ахметжанова мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелеріне, кафедра оқытушыларына өз тілек-ниетін білдірді. Жалпы МАК мүшелері дипломдық жұмыстардың қорғалуына жоғары баға беріп онлайн қорғау нәтижесімен толық қанағаттанды.
Хатшы Баймамырова Аяулым Мейрамовна