«Сенің «Жоқ! Дегенің маңызды»

23 қараша күні ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өткізілді.

Форумға Ю-23-2 тобының студенттері мен топ кураторы Л.М.Жунусова қатысты.

Форум аясында белгілі қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, облыстық жемқорлыққа қарсы бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімдері өткізілді. Форум жұмысының барысында  сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежеп, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретіндігі жөнінде сөз қозғалып, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылатындығы атап өтілді.

Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

Форум барысында Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік  түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.

Студенттер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер байқауы үлкен қызығушылық тудырды. Бейнероликтер қазіргі кездегі барлық салада орын алған сыбайлас жемқорлықтың түр-сипатын, таралу деңгейін, оны тоқтату және алдын-алу шараларын шынайы бейнеде баяндап берді. Бұндай аса көлемді туындыларды қазіргі заманауи технологияны қолдана отырып, көрерменге ұсыну аса табанды еңбекті қажет еткендігі сөзсіз. Туындылардың күрделілігіне қарамастан студенттердің жасаған еңбектері елеусіз қалдырылмады.

Жалпы форумның ұйымдастырылуы, ұсынылу деңгейі, студенттерді қамтуы, өткізілген іс-шараның жоғары деңгейде жүргізілуі форумға қатысушылар үшін жағымды әсер қалдырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.