
2023 жылдың 20 сәуірінде К-19-1, КР-19-1 топтарының студенттерімен 30.01-07.04.2023ж. аралығында жоспарланған өндірістік (педагогоикалық) практиканың қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Қ.З.Сембиев, кафедраның доценті Р.Х.Абдрахманов және практика жетекшісі, аға оқытушы Б.А.Абылбаева қатысты.

К-19-1 тобының студенттері Жолтай Айболған Қарағанды облысы, Саран қаласындағы «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де, Кенжетал Гүлдана Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті №11 ЖББМ-де және КР-19-1 тобының студенттері Мұхаметжан Әсем Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті №11 ЖББМ-де, Мейрамова Жанар Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Сәкен Сейфуллин атындағы ЖОББМ-де, яғни өздерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша іс-тәжірибеден өтті. Аталаған студенттер практика құжаттарын уақытында тапсырып, конференцияда практика бойынша презентация жасап, өз жұмыстарын қорғады, қойылған сұрақтарға жауап берді. Практика кезіндегі жетекшілірінің де видео-пікірлері тыңдалды.

Кафедра меңгерушісі Қ.З.Сембиев студенттердің қойылған талаптарға сай жұмыс жасап, берілген тапсырмалардың уақытында орындалғаны жөнінде, яғни іс-тәжірибе кезеңіне құрылған жоспардың нақтылығы мен өткізілген сабақтардың нәтижесі, педагогикалық кеңестің материалы мен зерттеу жұмыстарына тоқталып өтті және өз пікірін білдірді.

Практика жетекшісі Б.А.Абылбаева студенттердің өндірістік практика құжаттарының талапқа сай екендігін, уақытында академия сайтына әр студенттің мақаласы жарияланып, «Лимонад» журналына да мақала берілгендігін айтып өтті. Конференцияға қатысқан кафедра оқытушылары бірауыздан өндірістік-педагогикалық практиканы «өте жақсы»деп бағалап, студенттерге алдағы дипломдық жұмыстарына сәттілік тіледі.
К-19-1 тобының қалған екі студенті Г.Қартабаева, С.Құндызбай өндірістік практиканы 12.05.2023ж. аяқтайды.