2024 жылдың 17 сәуірінде 29.01-05.04.2024ж. аралығында жоспарланған К-20-1 тобы студенттерінің өндірістік практикасының қорытынды конференциясы өтті.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG-20240417-WA0005-1000x625.jpg)
Конференцияға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Қ.З.Сембиев, аға оқытушы Н.К.Касетова және практика жетекшісі, аға оқытушы Қ.Қ.Жанузахова және оқу-әдістеме басқармасының практикаға жауапты маманы Д.С.Сейтжанова қатысты.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG-20240417-WA0004-1000x750.jpg)
Кафедра меңгерушісі Қ.З.Сембиев студенттердің қойылған талаптарға сай жұмыс жасап, берілген тапсырмалардың уақытында орындалғаны жөнінде, яғни іс-тәжірибе кезеңіне құрылған жоспардың нақтылығы мен өткізілген сабақтардың нәтижесі мен педагогикалық кеңестің материалына, зерттеу жұмыстарына тоқталып өтті және өз пікірін білдірді.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG-20240417-WA0002.jpg)
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG-20240417-WA0006.jpg)
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG-20240417-WA0003.jpg)
Практика жетекшісі Д.С.Сейтжанова студенттердің өндірістік практика құжаттарының талапқа сай екендігін айтып өтті. Конференцияға қатысқан кафедра оқытушылары өндірістік практиканы бағалап, студенттерге алдағы дипломдық жұмыстарына сәттілік тіледі.https://www.youtube.com/embed/XdX6pl3Yv1s?feature=oembedhttps://www.youtube.com/embed/4ZenedtBP_g?feature=oembed