2022 жылы 28 қарашада Педагогика кафедрасының эдвайзері В.А.Байбекова ПжП-20-2, ПМНО-20-2 тобының студенттерімен «Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Осыдан дәл 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарап, Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын 732 (1992) қарарын бірауыздан қабылдаған болатын.
Кеңес төрағасы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің атынан жасаған мәлімдемесінде бұл шешімді «шынайы тарихи оқиға» деп атады. Ол «Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмысының барлық салаларына маңызды үлес қоса алатынына күмәніміз жоқ” деген ойын білдірді.