Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен онлайн кездесу

2022 жылдың 12 мамырында Zoom платформасында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен “Қаржы”білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен кездесу өтті.

 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адами ресурстар басқармасының жетекші маманы Зекен Әділхан Бағдатұлы студенттерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын мекеменің мақсаттарымен, функцияларымен, құрылымымен таныстырды.

Қазыбек би ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы Шалгинбаева Ботагөз Айбекқызы Мемлекеттік қызметке кіретін үміткерлерге, оның ішінде салық қызметі органдарына қойылатын негізгі шарттар мен талаптар туралы айтып берді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

“Қаржы” кафедрасының аға куратор-эдвайзері Тайлақ Ә.Е. барлық кафедра атынан Қарағанды облысы бойынша МКД қызметкерлеріне студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыруға және кездесуге қатысқандары үшін алғыс білдіреді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.