I курс студенттерінің Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барған сапары туралы пікірлері

2022 жылғы 11 қарашада Қазақстан мен Қарағанды өңірінің тарихын терең зерттеу, әртүрлі тарихи дәуірлерге үңілу, артефактілермен танысу мақсатында “Bolashaq” Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі А.У. Аупеновамен бірге Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып қайтты.

Біз барлық курсымызбен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға бардық.

Біз онда аз уақыт өткізсек те, осы аз уақыт ішінде еліміздің тарихы, Қарағандының өзі және ата-бабаларымызтуралы біраз мағлұмат алдық. Көптеген экспонаттар бізді өзінің шынайылығымен таң қалдырды.Экскурсиямыз өте қызықты өтті.

ПиП-22-1 тобының студенті Аршинова Дарья Сергеевна

Қарағандыдағы өлкетану мұражайына бару туралы пікір жазғым келеді. Маған мұражай ұнады, өйткені макеттер өте шынайы және тіпті аздап қорқынышты, сонымен қатар біздің гид ұнады, оның айтқанының бәрі түсінікті және анық болды. Мен студенттерге бұл мұражайға баруды ұсынамын және ол жерге тағы барудан бас тартпаймын.

ИН-22-1 тобының студенті Байстанова Ажар Қанатқызы

Бірде мен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бардым, әрдайым Академияға барар жолда оның жанынан өтіп жүрдім, міне, бүгін тағы да сол жерге баруға мүмкіндік туды.

Туған өлкеміз бен қазақ халқының тарихын ғана емес, мұражайдың қызықты экспонаттарын көру де өте керемет болды. Маған бұрынғы өткен уақыттағы заттарға қарап, олар туралы айтылған ақпаратты тыңдау өте пайдалы болды, өйткені мен бірінші семестрдің соңында Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтихан тапсырамын.

Біздің экскурсовод өте жақсы кісі болды, ол бізге залдардың әртүрлі бөлімдерінде қоюлы тұрған барлық нәрселер туралы айтты. Сондықтан мен курстастарыммен бір минутқа да жалықпадым. Әр залдың өз тақырыбы және бірқатар картиналары, көне заттары, артефактілері болды. Маған өте ұнады, жылдар өткен соң осы мұражайға қайта барғаныма қуаныштымын.

ФМ-22-1 тобының студенті Оразгали Айжан

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.