28 сәуір күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушы Б.А.Абылбаева К-20-1 тобында Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет пәні бойынша «Жыраулар толғауы – тарихым» атты ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілдері – жыраулардың жырын оқу арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді (ақылдылық, тапқырлық, адамгершілік, татулық) қалыптастыру, отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу, тарихымыздың бай қазынасымен танысу және соны дәріптеу.
Сабақта топтық жұмыстар жүргізіліп, жыраулар өмірі мен жырлары тыңдалды.
Ал «Сыр сандық» әдісі арқылы жұргізілген «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» бөлімінде артынан бай мұра қалдырған жыраулардың туындыларын студенттеріміздің аузынан тыңдап, рухани серпіліп қалдық. Сабақ өте қызықты әрі мазмұнды өтті.