“Авалон” тарихи-географиялық қоғамымен ынтымақтастық

“Руханият” ҒЗО “6В01702 – Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының студенттерімен үйірме сабақтары шеңберінде “Руханият” үйірмесінің қатысушыларын Солтүстік Арал өңірінің туристік объектілерінің шолу схемаларымен, Арал қаласының жоспарымен, Қамбаш көлі мен бұрынғы Барсакелмес аралы маңындағы карталармен, Тұщыбас көлі мен Бутаков шығанағындағы кемелер зираттарының схемаларымен, сондай-ақ Әйтеке Би қаласы мен Жанкент қалашығының төңірегін, пайдалы ұйымдардың байланыстарын, туристік объектілердің сипаттамаларын қамтитын картографиялық материалдармен таныстырды.

Жобаны “Авалон” тарихи-географиялық қоғамы өзіндік және жинақы жолкөрсеткіш бола отырып, Солтүстік Арал өңіріндегі туризм бойынша пайдалы практикалық және танымдық кейсті қамтитын қалта форматындағы басылым түрінде іске асырды. Карта үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) шығарылды.

Бұйратауда экотуризмді дамыту бойынша жоба шеңберінде “Авалон” қазақстандық Бұйратау сияқты тамаша орынды дәріптеу мақсатында Қарағанды қаласының посткроссерлерінің күшімен жер шарына таратылуға арналған бірегей пошталық ашық хаттар жинағын шығарды.

Бірнеше ай ішінде жиынтықтағы ашықхаттар әлемнің әртүрлі елдерінен келген адресаттарға, Postcrossing жобасының қатысушыларына жетті және олардың сүйіктілерінің қатарына кірді.

“Авалон” тарихи-географиялық қоғамына ынтымақтастық үшін және картографиялық материалдарды, сондай-ақ әдемі ашық хаттарды тегін бергені үшін алғыс айтамыз.

Одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.

“Авалон” қоғамының жобаларымен төмендегі сілтемелер бойынша танысуға болады:

https://www.facebook.com/avalongeographic%20http://www.guide.kz/ru/index.shtml

«Руханият» ҒЗО

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.