Ашық хаттар байқауына қатысуға шақырамыз

Достар! Сіздерді “Bolashaq” академиясы ұйымдастырған “Мен өз пікіріммен бөліскім келетін Қазақстанның ежелгі флорасы мен фаунасының тарихы” атты республикалық ашық хаттар байқауына қатысуға шақырамыз.

Аталған іс-шара “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Туған жер “арнайы жобасын іске асыру бойынша ЖМ “Bolashaq” академиясы “Руханият “ғылыми-зерттеу орталығы жоспарының бір бөлігі болып табылады.

Бұл байқауға үш жас аралығы тобы бойынша оқушылар қатыса алады:

  • Бастауыш мектеп 1-4 сыныптар;
  • Орташа 5-8 сыныптар;
  • Жоғары 9-11 сыныптар.

Байқау тақырыптары:

  1. Қазақстан-қазбалы өсімдіктер мен жануарлар мекені.
  2. Юра кезеңі Қазақстан аумағында.
  3. “Қазақстанозавр” – барлық су динозаврларының атасы.
  4. Динозавр-адамның досы.
  5. Қазақстан аумағында тіршілік ететін қазбалы жануарлар мен өсімдіктер.

Фото жұмысты (ашық хаттар) ұсынуға қойылатын талаптар):

Конкурсқа жұмыс электронды түрде “сүретпен салынған ашық хат” үшін – фотосурет немесе жұмыстың түрлі – түсті сканері, “фотокомпозиция” үшін-фотосурет жіберіледі.

Салынған ашық хат бейтарап жарық фонда (бұрышта емес) анық, көлеңкесіз және толықтай көрініп, фотосуреттің бетін тұтастай алып тұруы тиіс.

Фотосуретте ешқандай бөгде заттар мен жазулар жазуға жол берілмейді. Сурет анық болуы керек.

Шығармашылық жұмысты және тиісінше рәсімделген өтінімді (хабарлама тақырыбындағы Конкурсты көрсете отырып) ұйымдастыру комитетіне paleopostcrossing@mail.ru электрондық пошта мекенжайы бойынша жіберу қажет.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Ереже-1.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Положение-1.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Өтінім.doc

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/01/Заявка.doc

“Руханият” ҒЗО директоры А У.Аупенова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.