«Saryarqa Jastary» облыстық волонтерлер штабында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің волонтерлермен кездесуі өтті.

Кездесуге Қарағанды облысының ауыл және аудандарының белсенді волонтерлері, күміс волонтерлер, жастар қозғалысының және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары қатысты.

Жеңіс Махмудұлы волонтерлердің барлық бастамаларына облыс деңгейінде қолдау көрсететінін атап өтті.
