2020 жылғы 20 қарашада ZOOM платформасында студент жастармен және Қарағанды облысы ПД ЖПҚ басқармасының инспекторы, полиция капитаны Ерасыл Боранбайұлы Имендиновпен онлайн режимінде кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы: “Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Қоғамдық тәртіпті сақтауға студенттердің еріктілер ретінде қатысуы” туралы.
Іс-шаралар циклін Жастар саясаты мәселелері басқармасы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Қарағанды облысының Полиция депортаментімен бірлескен іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырды.
Осы кездесулердің акценті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтардың түрлері туралы білімді кеңейтуге, жасалған құқық бұзушылық әрекеттерінің салдарын түсіндіруге және оларды жасағаны үшін жауапкершілікке тартуға бағытталған.
Кездесу облыстың барлық жоғары оқу орындарының студенттер өкілдері үшін ұйымдастырылды. “Bolashaq” академиясын барлық кафедралардың студенттері, оқытушылары және Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы М. К. Байшігіров таныстырды.