“Мен таңдаған мамандық” кәсіптік бағдар беру жұмысы

«Мен таңдаған мамандық».

2-наурыз күні Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы С.К.Мекадилова ZOOM-платформасында Б.Момышұлы атындағы мектеп-бөбекжай кешенінің 11-сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында  кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен берілмесі анық.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан», – деген қасиетті сөзіне сай, әр адам өз мақсатына жету үшін зор мүмкіндіктер бар екенін айта келе, оқушыларға мамандық таңдауға әсер ететін факторлар, мамандықты дұрыс таңдау жөнінде кеңестер айтылып, «Bolashaq» академиясының білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді.

11

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.