Абай дара, Абай дана қазақта

Өткен аптада облыстық мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернатында ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай дара, Абай дана қазақта» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында өткен «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты поэзия кешіне құрметті қонақ ретінде «Bolashaq» академиясының ректоры Қ.Н.Меңлібаев пен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қ.З.Сембиев қатысты.

Поэзия кешінде мектеп оқушылары түрлі тақырыптарда Абай өлеңдерін жатқа оқып, әндерін шырқады. Кеш қонақтары оқушылар өнеріне тәнті болып, жақсы көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс білдірді.

Сонымен бірге оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, әңгіме-сұхбат жүргізді.

Соңында ректор Қ.Н.Меңлібаев оқушыларға бата-тілегін арнап, оларды « Bolashaq » академиясында оқуға шақырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.