МДжБО кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 1-ші наурызында онлайн режимінде Қарағанды қаласының №15-ші ЖББ мектебінде ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Ж.А. Арунова, Р.Н. Жапанова және п.ғ.к., профессор Ж.М. Акпарова 11 сынып оқушыларына презентация түрінде “Bolashaq” Академиясы туралы ақпарат берді.

Онда «Bolashaq» Академиясының 25 жыл өміріндегі Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алатын орны, соңғы жылдардағы республикалық рейтингтерде алып жүрген жоғары деңгейлері, Академияның абыроймен өткен халықаралық аккредитациясы, жылдан-жылға өсіп келе жатқан студенттер саны, оқу формалары, білім сапасы, студенттер мен оқытушыларға көрсетілетін дәстүрлі әлеументтік қолдаулары, екі дипломдық білім беруі, халықаралық қарым-қатынастары, оқу-тәрбие үрдістері мен жетістіктері, үздік оқитын күндізгі бөлім студенттеріне арналған ректорлық степендиялары және оның түрлері, мемлекеттік білім беру гранттарын ұтып алған талапкерлерді қабылдай алу мүмкіндіктері, оқу орнының ғылыми зерттеу орталықтары, бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары т.с.с. жағдайлары жайында кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, қашықтан келетін білімгерлерге берілетін соңғы талаптарға сай жатақханасы, оқу ғимаратындағы асханасы, тренажерлық залдары жайлы мағлұмат та берілді.

Кездесу кезінде Ш.Серікбай атты белсенді оқушының және басқалардың сұрақтарына жауаптар қайтарылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.