2022 жылдың 5 сәуірінде з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, “Bolashaq” академиясының стратегиялық даму жөніндегі проректоры Г. М.Рысмағамбетова және з.ғ.м., “Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйіндегі ғылыми-сараптамалық тобының отырысына қатысты.
Отырыста Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫ” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға бірінші кезекте назар аударылды.
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директоры А.А. Исбекова Қарағанды облысы ҚХА ҒСТ мүшелерін 2022 жылға жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Олардың арасында мынадай іс-шараларды атап өтті:
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы және Гимні бекітілгеніне 30 жыл толуына арналған іс-шаралар өткізу;
-“Алаш” партиясының құрылғанына 105 жыл;
-Көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы;
-Қазақ зиялыларының өкілдерін: мәдениет және ғылым қайраткерлерін, журналистер мен блогерлерді тарта отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету жөніндегі өңірлік лекторий шеңберінде “Қазақтану” жобасын іске асыру;
-Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен ҚХА-ның “Бейбітшілік пен келісім жолымен” халық экспедициясы жобасын ұйымдастыру және өткізу;
-Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығын мерекелеуге – “Ерлік сабақтары: ерлікке жақында” халықаралық онлайн конференциясы;
-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының “Болашақ үшін естелік” жобасын іске асыру;
– Қазақстан халқы Ассамблеясының “Елтану” /”Өз жеріңді таны” жобасы аясындағы”Ұлы даланың Тәуелсіз елі” ғылыми-танымдық экспедициясы;
– ҚР Конституциясы күніне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылдануының 30 жылдығына арналған “Егемен Қазақстан құқығының үстемдігі-тұрақты демократиялық даму векторы” атты дөңгелек үстел
-Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын мерекелеуге арналған “Қазақ ұлтының кемеңгер жазушысы”шығармашылық зертханасы;
– “Мәдениеттер диалогы: А. Құнанбаев пен А. Пушкиннің ТМД елдерінің халықаралық мәдени интеграциясы арнасындағы мұрасы” дөңгелек үстелі;
-Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай “Қазақстан – менің Отаным” атты республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыру және өткізу.
ҚХА ҒСТ мүшелерінің алдында азаматтық-құқықтық мәдениетті арттыруға және қазақстандық қоғамдағы қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған практикаға бағытталған қызметті жүргізу; жұртшылықты жастардың құндылық бағдарларын зерттейтін зерттеу жобаларына тарту міндеті тұр.