«Алтын Орда дәуірі: тарих және мәдениет» студенттік ғылыми-практикалық семинар

24-сәуір күні «BOLASHAQ» академиясында «Алтын Орда дәуірі: тарих және мәдениет»  тақырыбы бойынша студенттік ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Алғы сөзінде ф.ғ.к профессор Ф.Ф. Саттарова бұл тақырыптың маңыздылығын тарих дегеніміз – шынайы болған оқиғалардың уақыттық тізбегі деп  және Алтын Орда дәуірін қазақ болмысындағы ерекше тарихи кезең екендігін атап өтті. Бағдарлама бойынша семинарда студенттер осы тақырып бойынша өзекті мәселелерді көтеріп, мазмұнды баяндамалар жасады. Семинардың ғылыми метадалогиясы ретінде тарихылық пен логикалықтың бірлігі, тарихи реконструкция, герменевтикалық талдау, компоративистика сияқты ғылыми әдістер мен ұстанымдар қолданылды. Ғылыми баяндамаларда қазақ халқының көпғасырлық тарихындағы Алтын Орда дәуірінің әлемді танып білудің, тарихымызды зерделудің, халық даналығының озық үлгісі екендігі айтып, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда өзінің рухани құндылықтарын аялаған ел ғана оған жаңа заманда өзіндік жаңғырту сипатын бере алатындығын анықтады.

Семинарда талқыланған баяндамалар тақырыбы:

1.Алтын Орда мемлекеті; Құнанбаев Серікбол, Ю-23-2

2. Жошы Хан Алтын Орданың атасы; Кадрин Тілеген, Ю-23-2

3. Алтын Орда мәдениеті; Жақсылықова Дана, К-23-1

4. Алтын Орданың мәдени рухани құндылықтары; Төлеухан Рабиға, ПМНО-23-2

5. Алтын Орда әдебиеті; Карабаева Гулнур; ФМ-23-2

6.Алтын Орданың Гүлденуі мен ыдырауы; Болатбек Аяулым;ИН-23-2

Ғылым практикалық-семинарға «BOLASHAQ» ұжымынан қатысқандар:

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор: Исмайлова Райхан Налжигитовна

Оқу-әдістемелік басқармасының басшысыТаликова Галия Тюляковна

Оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы: АЛЕКСЕЕВА ЕВГЕНИЯ АНДРЕЕВНА;

ЖББп кафедрасының меңгерушісі: И.Ю. Григорчук ғылыми-семинардың маңыздылығын мен мазмұндылығын ерекше бағалап, өз ойларын жеткізді.

Ю-23-2 тобының студенті Кадрин Т.Б  семинарды қорытындылай келе, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі құндылықтар жүйесі көптеген өзгерістерге еніп жатқаны және рухани құндылықтардың модернизациялану кезеңінде оның негізгі субьектісі адам, яғни жастар екендігін айтты. «Алтын Орда» дәуірінің қазақ тарихындағы ең бір маңызды, тарихи кезең екендігін айтып, рухани құндылықтарды жетілуіне, кемелденуіне, үйлесімді өмір сүруіне қызмет етуге біз жастар тиістіміз деп ой – қорытынды жасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.