Құрметті магистранттар, докторанттар, заң пәндері кафедрасының түлектері!
Жоғары Сот Кеңесі судья лауазымдарына кандидаттарды іріктеу және судьялар лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
2020 жылдың 14 қарашасында Кеңес “Қалай судья болуға болады” тақырыбында семинар ұйымдастырады, онда қатысу тәртібі, іріктеу кезеңдері және судьялық лауазымға орналасудың басқа аспектілері түсіндіріледі.
Семинар ZOOM қосымшасын пайдалану арқылы онлайн форматта өтеді.
Семинарға құқық саласындағы магистранттарды, докторанттарды, сондай-ақ 25 жасқа толған “Юриспруденция” түлектерін қатысуға шақырамыз.