Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Р.Н. Жапанова., С.К. Мекадилова, А.А. Есмагулованың ұйымдастыруымен алғыс айту күніне орай іс- шара өткізілді.


“Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп елдің алғысын, үлкеннің батасын алуды қазақ жоғары бағалаған. Әрі арлы, арайлы алғыс сөздерінің жігерлендірушілік, дем берушілік, рухтандырушылық күш-қуатына кәміл сенген.

Алғыс айту – жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас.