“Студенттік ортада этносаралық қақтығыстарды болдырмау” тақырыбындағы кураторлық сағат

2023 жылғы 24 қарашада “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының аға эдвайзері М.К. Абдрешева орыс бөлімшесінің “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен студенттік ортада этносаралық қақтығыстарды болдырмау тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттердің шығу тегіне қарамастан адамдар арасындағы этносаралық қатынастарды, бір құбылысқа тең және бірдей көзқарастарды тану қабілетін қалаптастыру.

Кураторлық сағат барысында студенттермен түрлі этностардың адамдары арасында бейбіт қатар өмір сүрудің маңыздылығы, басқа этнос өкілдерінің салт-дәстүрлерін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен ерекшеліктерін құрметтеу туралы пікірталас өткізілді.

Этносаралық қатынастарды ойдағыдай дамыту үшін негізгі және нақты қағидаттарды сақтау, адамның құқықтары мен бостандықтарын оның этникалық тегіне қарамастан аса маңызды құндылық ретінде тану қажет.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.