Сіздерді 1 наурыз – “Алғыс айту” күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Сондықтан – айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесімін тапқан мерекесі.

Көктемнің ең алғашқы күні мен ең алғашқы мерекесі “Алғыс-айту ” күнімен тұспа-тұс келуіне байланысты “Bolashaq” Академиясында жәрмеңке өтті!!!




Жәрмеңкеде студенттер өздері қолдан пісірген тәтті тағамдарымен бөлісті! Жиналған қаражат “Мейірім” волонтерлік ұйымына табысталды.
Көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын!
Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!
Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!