«Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 28 қараша 2019 жылы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Дауылпаз ақын тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізген болатын.


Аталмыш конференцияға ЖОО оқытушылары,магистранттар мен студенттер және мектеп мұғалімдері қатысып, Сәкен Сейфуллин туралы мол ақпаратпен сусындады.

Академиямыздың профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы алғыс сөзімен бастап, пленарлық мәжіліс жалғасын тапты.

Пленарлық мәжілісте Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері магистранттары, сондай-ақ Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы Аршабеков Т.Т., Назарбаев зияткерлік мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омирбекова Д.Ш. мақаласын үздік қорғады.

Әрмен қарай конференция бағдарлама бойынша өтті.

Конференция соңында филология ғылымдарының докторы Мәуен Хамзин қорытынды сөзін айтып, конференцияны түйіндеді. Конференция соңында мақалалар жинағы таратылды.







