Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына қатысу

2019 жылы 29 қарашада Қарағанды қаласының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.

Дәстүр бойынша этнобірлестікте аймақтың түпкір-түкпірен жиналды.

Сессияда Литвадан келген қонақ Вильнюс университетінің профессоры, сәулетші Альгис Вишнюнас сөз сөйледі. Ол Қарағандыда туған қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағы. Оның айтуынша, Литвада Елбасының тарихи жадыны сақтауға және елдер арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі бағаланады. Бұған дәлел – Нұрсұлтан Назарбаевты Литва ұлы князі Гедиминас орденімен марапаттау.

Сессияда сондай-ақ облыс әкімі этномәдени бірлестіктердің басшыларына өз орталықтарын дамыту үшін сыйлықтар табыс етті.

Читать новость в СМИ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.