29 қазан мен 4 қараша аралығында”Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ. Н. Меңлібаев Душанбе қаласындағы тәжік мемлекеттік педагогикалық университеті мен Авицена атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіне жұмыс сапарымен барды.

Кездесу нәтижесінде академиялық ұтқырлық аясында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Жоғары оқу орындарының басшылары бірлескен жұмыс бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға жаңа серпін беріп, өзара тиімді білім беру-ғылыми ынтымақтастық траекториясын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан студенттері екі ел аумағында өздерінің жеке әлеуетін жүзеге асыра алатын қос дипломды білім беру бағдарламасы талқыланды.
которой студенты Казахстана и Таджикистана смогут реализовать свой личный потенциал на территории двух стран.








