Қазақстандағы Еңбек күні

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда 2013 жылдың қараша айында Республика Президентінің жарлығымен жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілген Еңбек күні атап өтіледі.

Қазақстанда осы жаңғыру жолындағы қадамдардың бірі Еңбек күнін белгілеу болды. Сонымен қатар, “Еңбек ардагері” медалі тағайындалып, ол өзінің еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген өндіріс озаттарына, 40 жылдан астам жұмыс өтілі бар, бір салада кемінде 10 жыл жұмыс істеген қызметкерлерге табыс етіледі. Бұл медаль әр түрлі саладағы жұмысшыларға беріледі.

“Bolashaq” академиясы әрбір қызметкер мен оқытушының еңбегін жоғары бағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап Академияда біздің жоғары оқу орнымыздың дамуына 7 жыл және одан да көп уақыт еңбек еткен және үлес қосқан қызметкерлерге сыйлықақы бекітілген болатын.

Биыл оны барлығы 104 адам алды.

Сіз өз еңбегіңізбен ұзақ уақыт бойы жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттырасыз, ұжымның құрметі мен сеніміне ие боласыз, жоғары оқу орнының дамуына үлес қосасыз, ұжымда корпоративтік мәдениет нормаларын көрсетесіз.

Сізге “Bolashaq” академиясына деген адалдығыңыз бен еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз және зор денсаулық пен табыс тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.