«Bolashaq» Академиясы қабырғасында волонтерлердің «Мейірім» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ жиыны өтті. Волонтерлер жиынында «Қайырымдылық жасау – әрбір жастың міндеті» тақырыбы қозғалып, алға қойған мақсаттар талқыланды. Жаңа идеялармен бөлісіп, жасалуы тиіс іс-шаралар жайында әңгіме өрбіді. Жиынды “МЕЙІРІМ” қайырымдылық қорының жетекшісі Жұрағат Аймарал ұйымдастырды. «Болашак» республикасының призиденті Саликова Мадина алдағы іс шаралар жоспарын талқылады.✅
Сөз соңында “Мейірімділік – жүректен🫀” тақырыбы қозғалып, шара өз мәресіне жетті.
Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқап жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылық көрсетуші жастардың саны жылдан-жылға артып келеді.