8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен!

Құрметті әйелдер! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Көктемнің осы тамаша мерекесі сұлулықты, жақсылық пен махаббатты бейнелейді.

Жыл сайын Халықаралық әйелдер күні бізге адамзаттың әдемі жартысына деген ең жылы сезімдерді ерекше білдіруге, сіздердің, әйелдердің, біздің мемлекетіміз бен қоғам өмірінде ойнайтын ерекше маңызды рөлін атап өтуге мүмкіндік береді. Қазақтың мақалында: “Әйел бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен – бүкіл әлемді тербетеді”, – делінген сөз тегін айтылмаған.

Біздің еліміз әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың әлеуетін толыққанды іске асыру үшін жағдай жасауға басым назар аударады. Мемлекеттің жүйелі қолдауының арқасында әйелдердің экономикаға, саясатқа, қоғамдық қызметке қатысуы дәйекті түрде кеңеюде.

Сіздердіңі белсенді азаматтық ұстанымыңыз өзекті қоғамдық мәселелерді табысты шешуге және елді жан-жақты дамытуға ықпал етеді.

Қазақстандық әйелдердің даналығы, энергиясы, жасампаз еңбегі кез келген қиындықтарды еңсеруге және күрделі сын-қатерлерді барынша тойтаруға көмектеседі.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық, барлық арман-тілектеріңіздің орындалуын тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.