№102 гимназиядағы ЖББ кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылдың 19 сәуірінде Қарағанды қаласының Әл-Фараби атындағы №102 гимназиясында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. ЖББ кафедрасының қызметкерлері: т.ғ.к., доцент Е.Б. Қасенов және аға оқытушы С. Ю. Смирнов бітіруші сыныптарға барып, оқушылармен танысты, академия туралы әңгімеледі; жоғары сынып оқушыларының сұрақтарына жауап берді, талапкерлерге буклеттер, ақпараттық парақтар мен жадынамалар таратты, оқушыларға кеңес берді. Оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейі анықталды.

Гимназияшылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, сауатты жауаптар алды. Атап айтқанда, қандай емтихандарды тапсыру керек екендігі қызықтырды; олимпиадаларға қатысу арқылы оқуға түсу кезінде қосымша балл алуға бола ма; академияда Ашық есік күні қашан өткізіледі; қашықтықтан оқыту формасына қабылдау жүргізіле ме; академияның кез-келген факультетінде бюджеттік орынға түсу үшін қанша балл жинау керек, деген сұрақтар қойылды.

ЖББ кафедрасының оқытушылары оқуға түсу шарттарын түсіндіріп, білім беру бағдарламалары, Академияның материалдық-техникалық жабдықталуы, студенттердің шығармашылық қабілеттерін іске асыру мүмкіндіктері туралы айтып берді.

ЖББ кафедрасы оқытушыларының жұмысын гимназия оқушылары да, педагогтары да оң бағалады. Бұл оқушыларға біздің ЖОО қабырғасында болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.

Кәсіптік бағдар беру күні осылай есте қалды. Қарағанды қаласының Әл-Фараби атындағы №102 гимназиясының түлектеріне ҰБТ-ны сәтті тапсырып, жаңа оқу жылында “Bolashaq” Академиясында кездесуді тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.