2022 жылғы 29 қарашада «Педагогика» кафедрасының Қарағанды қаласындағы № 23 ЖББМ-тің филиалында бастауыш сынып бірлестігімен бірлесе отырып «Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын құрастыру және қолдану» тақырыбындағы шебер-сабақ өтті.
Педагогика» кафедрасы дуалды білім беруді іске асыру шеңберінде «№ 23 жалпы білім беретін мектеп» КММ кафедра филиалымен ынтымақтастықты жалғастыруда. Кафедраның аға оқытушысы К.А. Сарбасова және ПМНО-20-2 тобының студенттері № 23 ЖББМ-тің филиалында бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып «Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын құрастыру және қолдану» тақырыбында шебер-сабаққа қатысты.
Шебер сабақта әр пән бойынша бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеудің тиімді жолдары мен бағалауда тапсырмаларды дұрыс құрастырудың маңыздылығы қарастырылады.
Бастауыш сынып мұғалімдері Сейсенбаева Г.А., Лапиева Г.К., Азанбаева Ж.М. және Курманкулова А.Т. «Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын құрастыру және қолдану» тақырыбында мұғалімдер арасында презентация қорғады. Бұл сабақ бойынша бүгінгі таңдағы қалыптастырушы және жиынтық бағалауды құрастыруға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен бірге «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Сарбасова К.А. «Оқыту үдерісіндегі қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында сабақ жоспарын ұтымды құру жолдарынан бастап, әр кезеңін ұйымдастыру, тапсырмаларды оқушының жас ерекшелігіне сай берудің маңызы туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Ұтымды деп саналатын бірнеше әдіспен жұмыс істеген мұғалімдер бұл шебер-сабақтан үйренері көп болғанын айтып, пікір білдірді. Студенттерге де бұл сабақтан алатындары көп болды.
Дуалды білім беру жүйесі білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығына байланысты қолға алынған оқытудың дуалды жүйесінің жобасы — мектеп пен жоғарғы оқу орындарының арасында байланыс табуда.
Болашақ маман диплом алған соң, сол өндіріс орындарында тұрақты түрде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алады Олай болса, дуалды білім беру жүйесін ендірудің басты тиімді тұстары үш жақты: оқу орны – студент – оқыту базасы арқылы сапалы маман даярлауды жүзеге асыру.