“Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы бойынша “Bolashaq” академиясының кітапханасы жаңа әдебиетпен толықты.
Кітапхана оқырмандарды Абай көшесі, 17 үй мекен-жайына шақырады.
Уолф Джонатан Саясат философиясына кіріспе. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020. – 232 бет.
ISBN 978-601-7943-80-6
Алғаш рет қазақ тіліне аударылып отырған Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кірісіпе» деп аталатын кітабында адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан және қазіргі кезде әлі де өзектілігін
жоғалтпаған табиғи күй, мемлекет, демократия, еркіндік, меншік сияқты саяси ғылымдардың зерттеу аясын айқындайтын үғымдарға қатысты сұрақтар қарасгырылады. Кітапта осы сұрақтарға жауап іздеген Платон және Аристотель сияқты ежелгі грек философтары мен Гоббс, Локк, Руссо, Бентам, Юм, Милль, Ролз және Нозик сияқты қазіргі заман ойшылдарының көзқарастары мен тұжырымдары талданады.
Сонымен қатар қазіргі котам мен мемлекет алдында туындаған әйел құқықтары, нәсілдік ерекшелік, позитивті дискриминация және келер үрпақтың құқықтары сиякты өзекті мэселелер де жан-жакты қарастырылған.