Педагогикалық практика бойынша магистранттарға арналған нұсқаулық конференциялар

2020 жылдың қараша айында 2 курс магистранттары үшін барлық білім беру бағдарламалары бойынша : 7М04201-“Құқықтану”, 7М04101-“Қаржы”, 7М01701-“Қазақ тілі мен әдебиеті”, 7М01101-“Педагогика және психология”, педагогикалық практика бойынша нұсқаулық конференция өткізілді.

Тәжірибе жетекшілері: п.ғ. к., доцент Асакаева Д. С., Абылкасымова Г. К., п. ғ. к., доцент Мамерханова, ф. ғ. к., профессор Сембиев К. З.

Практика жетекшілері магистранттарды Академия ректорының 26.10.20 ж. № 102-105 “Педагогикалық практикаға жіберу туралы” бұйрықтарымен таныстырды.

Сондай-ақ, басшылар педагогикалық практиканың маңыздылығы туралы айтып, магистранттарды педагогикалық практиканың мақсаты, міндеттері мен мазмұны көрсетілген бағдарламамен таныстырады.

Магистранттардың практикасы бойынша есептік құжаттаманы рәсімдеуге қойылатын талаптарға баса назар аударылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.