2020 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл проблемалары» атты курсанттардың (студенттердің) халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.
Келесідей секциялардың жұмысы жоспарлануда:
1. Мемлекет және құқық: цивилистика және сабақтас құқықтардың проблемалары
2. Қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері. Қылмыстық-атқару құқығын жетілдіру
3. Қылмыстарды ескерту, тергеп-тексеру мен ашуды жетілдірудің теориялық және қолданбалы аспектілері
4. Психологиялық-педагогикалық дайындық және ішкі істер органдарын басқару. Заңгердің тілдік дайындығы
5. Қазіргі кезде мемлекеттің саяси жаңғыруы және әлеуметтік-экономикалық дамуы
6. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің проблемалары, арнайы кәсіби және дене шынықтыру дайындығын жетілдіру.
Мекенжаймыз: 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көш., 124, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі (305-каб.).
Байланыс телефондары: 8(7212) 30-34-12, +7-707-788-40-09, Шалбаев Айдынгали Шакратович, е-mail: oniirir@kpa.gov.kz
Конференцияға қатысушылардың жол жүруімен, жүріп-тұруымен, тамақтануымен байланысты шығыстар іссапарға жіберетін тарап есебінен.