Monthly Archives: Қазан 2025
2025 жылғы 3 қазанда «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы А. Б. Косманова Қарағанды қаласының КММ «№86 ЖББМ» 11-сынып бітіруші түлектерінің ата-аналарымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шара барысында ата-аналарға «Bolashaq» академиясы туралы толық ақпарат ұсынылды: оның миссиясы мен мақсаттары, өзекті жаңалықтары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылындағы педагогика білім беру бағдарламасындағы өзгерістер таныстырылды. […]
AI WEEK-жасанды интеллектке арналған апта. Бұл оқиға AI біздің әлемді қалай өзгертетінін білгісі келетіндерге арналған. Дәрістер, воркшоптар, тұсаукесерлер, атышулы батлдар мен жанды пікірталастар 7 күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінде өтеді.
Digital Bridge 2025 — технологиялық серпіліс уақыты!Жасанды интеллект өмірімізді қалай өзгертіп жатыр? Қандай AI-шешімдер қазірдің өзінде қолданыста? Орталық Азияның басты технологиялық форумына қосылып, бүгін басталып жатқан болашақтың бір бөлігі болыңыз Жаңа дәуірге бастар қадамың осы жерден басталады!.
2025 жылғы 02 қазанда «Bolashaq» академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Д.С. Асакаева «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тәлімгерлерді оқыту бағдарламасы шеңберінде «Кәсіби қызметтегі қақтығыстарды басқару» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинарға өндірістік тәжірибе кезінде Жезқазған қаласының колледждері студенттерінің тәлімгерлері болып табылатын түрлі кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Қатысушылар студенттермен өзара іс-қимылдың өзекті […]
2025 жылғы 1 қазан күні «Bolashaq» Академиясында Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Бұл ерекше күн – бар ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім мен ғылымды дамытуға арнаған ұлағатты ұстаздарға көрсетілген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі болды. Концерттік кеш – білім саласының ардагерлері мен қазіргі таңда оқу үдерісінде […]
Қарттар – халық қазынасы. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-парасаты – кейінгі ұрпақ үшін теңдессіз мұра. Осы орайда, бүгін Академиямыздың белсенді студенттері мен “Мейірім” волонтерлік ұйымының мүшелері Қарттар күніне орай “Забота” қарттар үйіне арнайы барып, ардақты ата-әжелерге көңіл күй сыйлап, құрмет көрсетті. Жастар жылы лебіздерін білдіріп, ән мен күйден шашу шашты. […]
Сіздерді Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер күн сайын шынымен маңызды миссияны орындайсыздар-тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл ұрпақтың әлеуетін ашасыздар. Өйткені, жоғары оқу орнының оқытушысы тек білім беріп қана қоймайды – ол болашақтың ойлауын қалыптастырады. Қоғам, ел, әлем дамитын векторды белгілейді. Оқытушы-Ғылым әлемі […]