Қарттар – халық қазынасы

Қарттар – халық қазынасы. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-парасаты – кейінгі ұрпақ үшін теңдессіз мұра.


Осы орайда, бүгін Академиямыздың белсенді студенттері мен “Мейірім” волонтерлік ұйымының мүшелері Қарттар күніне орай “Забота” қарттар үйіне арнайы барып, ардақты ата-әжелерге көңіл күй сыйлап, құрмет көрсетті.

Жастар жылы лебіздерін білдіріп, ән мен күйден шашу шашты. Қарттар қауымы ерекше қуанып, мейірімге толы жүздесуге риясыз алғыстарын білдірді.
Бұл игі бастама – ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі және үлкенге деген шынайы құрметтің көрінісі болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.