Тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес 6В04201-Құқықтану білім беру бағдарламасының «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Л.М.Жунусова Ю-21-2 және Ю-23-2 каз тобының студенттерімен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Қарағанды Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы – 1932 жылы ашылып, 1938 жылы облыстық өлкетану мұражай дәрежесіне ие болды, ал 1964 жылдан бастап мұражайдың атауы тарихи-өлкетану […]
Yearly Archives: 2024
Павлодар қаласы Торайғыров университетінде жастар саясатын дамытуға арналған халықаралық семинар-жиын өтті. Алқалы жиынға «Bolashaq» Академиясының ӘТЖ проректоры Р.Н.Исмаилова қатысып қайтты. Халықаралық семинарға және пленарлық отырыстарға Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетел университеттерінің екі жүзден астам өкілдері, жоғары білім және жастар саясаты саласындағы жетекші сарапшылар, соның ішінде Ғылым және жоғары білім […]
2024 жылғы 4 наурызда «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық Олимпиада өтті. Іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жас қатысушыларды жинады, онда олар әртүрлі салаларда өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Олимпиада бастауыш сынып оқушылары үшін арнайы жасалған интеллектуалды сынақтар сериясы болды. Іс-шара аясында оқушылар жаратылыстану ғылымдары, және басқа да пәндер […]
Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы мәдениетке, қоғамға және толеранттылыққа ерекше назар аударады. Жыл сайын Шет тілдері және МК кафедрасы Шет тілі: екі шет тілі ББ студенттерімен Алғыс айту күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. 2024 жылдың 1 наурызында «Алғыс айту күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Бұл кураторлық сағат аға эдвайзер […]
2024 жылдың 9 ақпаны мен 1 наурызында «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын 11 сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы облыстық олимпиада өткізді. Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 24 өтінім және химия бойынша 19 өтінім […]
2024 жылғы 27 ақпанда «Bolashaq» Академиясы ЖММ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Ахметова Н.Т. жоспарлы түрдегі кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша Қарағанды қаласы № 41″Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де болып қайтты. Аталған білім беру мекемесінде биыл оқу бітіруші 2- сынып бар, әр сыныпта 23 оқушыдан, жалпы саны – 46 […]
Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Р.Н. Жапанова., С.К. Мекадилова, А.А. Есмагулованың ұйымдастыруымен алғыс айту күніне орай іс- шара өткізілді. “Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп елдің алғысын, үлкеннің батасын алуды қазақ жоғары бағалаған. Әрі арлы, арайлы алғыс сөздерінің жігерлендірушілік, дем берушілік, рухтандырушылық күш-қуатына кәміл сенген. Алғыс айту – жүрекке жылу […]
2024 жылдың 29-ақпанында ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі мен Қарағанды облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ЖОО басшыларына арналған «Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру бойынша семинар-кеңес өтті. Аталған семинар-кеңеске құқықтық және қаржылық пәндері кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Отыншиева, Ю-23-2 тобының студенттері Т. Кадрин мен С. Иманбеков қатысты. Еріктілер жобасының мақсаты – оқушылардың қолайлы […]
Құрметті «BOLASHAQ» Академиясының студенттері мен оқытушылары! 2024 жылдың 29 ақпанында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А. Абылбаеваның жетекшілігімен біздің бірінші курс студенттері мен үшінші курс студенттері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде мемлекеттік тілге арнап өткізілген «Мемлекеттік тіл-менің тілім!» атты іс-шараға қатысты.Бұл сайыста біздің дарынды студенттер өздерінің тілдік қабілеттері […]
Сіздерді 1 наурыз – “Алғыс айту” күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Сондықтан – айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесімін тапқан мерекесі. Көктемнің ең алғашқы күні мен ең алғашқы мерекесі “Алғыс-айту ” күнімен тұспа-тұс келуіне […]
29 сәуір күні «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне арналған «Береке бастауы – бірлік, ел іші тату – тірлік» атты мерекелік фестиваль өтті. Іс-шараның басты ерекшелігі – фестиваль 4 тілде өтті. Жүргізушілер: Қарағанды облысына танымал асаба-шоумен Біржан Иманбаев (kz), «ДЕБЮТ-2021» байқауының Шоу-бағдарлама […]
«Bolashaq «Академиясы» жеке мекемесі халықаралықғылыми серіктестермен 2024 жылғы 26 сәуірде Халықаралық ғылыми-практикалық«Қазіргі әлемдегі ғылым және білім» конференциясын өткізеді. Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:1 Заң ғылымы мен құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері;2 Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесін дамыту;3 Көптілді әлемдегі қазіргі тілдік жағдай;4 Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар;5 Педагогика […]
2024 жылдың 20 ақпанында фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары «Дәріханада жөтелмен ауыратын науқас. Фармацевтикалық кеңес беру әдістемесі» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарды Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының құрамына кіретін Santo фармацевтикалық компаниясы ұйымдастырды. Өткізу форматы: Мәскеу қаласынан және Қазақстанның 5 облыс орталықтарынан телекөпір арқылы. Жедел және созылмалы жөтелмен ауыратын науқастарға фармацевтикалық кеңес беру […]
«Bolashaq» Академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы №1 гимназия филиалының тәжірибелі мұғалімдерімен және магистранттармен дөңгелек үстелдер, арнайы оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметтің барлық мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру арқылы жәрдемдесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Осы айдағы осындай іс-шаралардың бірі 2024 жылғы 28 ақпанда Шет […]
28 Ақпанда «BOLASHAQ» Академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары – Ганеев Руслан Рашидович, Абдрешева Мадина Каббасовна, Те Анасиасия Вячеславовна және Бегахметова Балжан Каиргельдиевна – № 1 мектептің 10 және 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында оқушылар академияның оқу бағдарламаларымен және студенттік өмірімен танысты. […]