Yearly Archives: 2023
2022 жылдың 12 мамырында Zoom платформасында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен “Қаржы”білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен кездесу өтті. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адами ресурстар басқармасының жетекші маманы Зекен Әділхан Бағдатұлы студенттерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын мекеменің мақсаттарымен, функцияларымен, […]
2023 жылдың 12-сәуірінде сағат 13.00 – де «Мұрагер» мамандырылған мектеп лицейінде педагогикалық практикадан өтіп жатқан «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының К-20-1 тобының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Тренинг педагогика саласында қазақ тілінде тұңғыш жарыққа шыққан «Педагогика» еңбегінің авторы, ақын, жазушы Мағжан Жұмабаевтың еңбегіне арналды. Тренингте студенттер Мағжан педагогикасының […]
12 сәуір 2023 жылы Қарағанды қаласы №2 Оқушылар сарайында «Сарыарқа Дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ғылым қызметкерлерінің күніне орай «Ғылым әлеміне» атты көрме өтті. Көрмеде облысымыздың мектеп оқушылары үздік ғылыми жұмыстарын ұсынды. Аталған іс-шараға кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Академиядан қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қосманова А.Б., […]
1961 жылы 12 сәуір бүкіл әлемде ғарышты бағындыру күні ретінде танылды. Біздің қаламыздың өлкетану экскурсиясы адамзат тарихын осы айтулы оқиғамен байланыстыра көрсетті. Академия студенттеріне 12 танымдық сұрақтан тұратын және “Өлкетану”пәнін оқитын Шитова Екатерина мен Терещенко Владислав әзірлеген викторинадан өту ұсынылды. Викторинаны 12 сәуірге дейін онлайн форматта өтуге болады. Викторинаны әзірлеуші […]
12 сәуірде Қазақстан жыл сайын Ғылым қызметкерлері күнін атап өтеді. Осыған орай «Bolashaq» Академиясында академиктерді ұлықтау жоспарланған болатын. 2023 жылғы 12-сәуірде Академияның конференция залында философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ҚР ІІМ құрметті ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Нәби Елікбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Академия оқытушылары, студенттері және «Қарағанды […]
Құрметті әріптестер!Құрметті профессор-оқытушылар құрамы! Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен 12 сәуір “Ғылым қызметкерлері күні” болып белгіленді. Ғылым мен білім саласындағы еңбектеріңіз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Біздің тәжірибелі ғалымдарымызға мамандардың жас буынына олардың кәсіби қалыптасуы мен ғылыми ізденістеріне көмектесуге дайындығы мен қабілеті үшін шын жүректен алғысымызды айтамыз. […]
Құрметті Ахат Әбдірахманұлы! 65 жылдық мерейтойыңызға орай ең жылы құттықтауларды қабыл алыңыз! Сіз өзіңіздің 40 жылдан астам еңбек өтіліңізден “Bolashaq” Академиясына 11 жыл бердіңіз. Фабриканың слесарь-жөндеушісінен, тергеушіден, Саран ІІД, Октябрь ПБ бастығының орынбасарынан, Қарағанды қ.ІІБ анықтау басқармасының бастығынан, Б.Бесенов атындағы ҚР ІІМ ҚЗИ оқытушысынан бізге дейін сара жол жүріп өттіңіз. […]
2023 жылдың 12 сәуірінде біз Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайына бардық. Бұл жерде 12 сәуір – Космонавтика күніне арналған бірқатар картиналар біздің жадымызда қалды. Музей қорына өз жұмыстарын тапсырған белгілі қарағандылық суретшілердің суреттері қабырғаға ілінді. Картиналарда Юрий Гагарин, Тоқтар Әубәкіров және басқа да белгілі ғарышкерлер бейнеленген. Экскурсия жетекшісі көрме картиналарының […]
2023 жылғы 12 сәуірде, Космонавтика күні “Bolashaq” Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының студенттері ӘТЖ жөніндегі проректор Р.Н. Исмайловамен және жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі А.У. Илясовамен бірге өлкетанушылық ой-өрісін кеңейту аясында Қарағанды бейнелеу өнері мұражайына барып, Космонавтика күніне арналған мұражай сабағына және “МастерАRТ” көрме-конкурсына қатысты. Қатысушылар ғарыш тақырыбына арналған […]
“Философия” және “Мәдениеттану” оқу пәндері аясында ЖББ кафедрасының профессоры Б.И. Бектұрғановтың жетекшілігімен “Студент шеберханасы”жұмыс істейді. Бұл студенттер өз ісінің шеберлері болып танылатын шеберлік сыныбының бір түрі. Шеберхана оқу сабақтарына практикалық дайындық принципіне негізделген, оның мақсаты – оқу курсын игеру. Студенттер жұмысының негізгі өнімі презентация түрінде оқу жобаларын әзірлеу және іске […]
2023 жылдың 11 сәуірінде ПМНО-19-2 тобының студенттерінің ұйымдастырылумен 30.01.2023– 07.04.2023 ж.ж. аралығындағы 10 аптаға жоспарланған “Өндірістік (педагогикалық) практиканың” қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға кафедраның аға оқытушылары Жапанова Р.Н., Сарбасова Қ.А., Арунова Ж.А. және ПМНО-20-2 тобының студенттері қатысты. ПМНО-19-2 тобының студенттері: Әбдірахманова Д.М., Әбілхамит Ш.С., Көшенова Д.Б., Бекмағанбет Э.Ж. Қарағанды қаласы “№23 […]
«Bolashaq» Аадемиясының «Кәсіби бағдар – 2023» науқаны аясында сәуір айының басынан бері Теміртау мектептерінің түлектерін кәсіби ақпараттандыру жұмысы жүргізіліп келеді. 10 сәуір күні Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы Теміртаудағы №1, №7, №11, №14, №16, №19, №20, №24 ЖББМ, ЖББМЛ, сондай-ақ Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия және №1 гимназия түлектерімен кәсіби бағдар шеңберінде кездесіп, […]
2023 жылғы 10 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Академияның профессор- оқытушылар құрамы Теміртау қаласының: №20, №14 мектеп-лицейі, №1 гимназия, №24, 19, 1, 17, 11, 16 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы гимназия түлектерімен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ оқытушылар Б.О. Адалбекова, Г.К. Отыншиева, Ж. М. Баймурынов, В. А. Байбекова, Д. К. Айтжан, А. […]