Біздің Академия әрқашан талантты және болашағынан үміт күттіретін студенттермен және түлектермен танымал болды. Биылғы жылы да бізді студенттер жетістіктерімен қуантуда. Осы орайда біз Әділ Тілеубердиновтан сұхбат алдық (Ю-21-1). Әділ небәрі 18 жаста, бірақ бұл оның спортта жоғары нәтижелерге жетуіне кедергі болмады. Ол 8 жасынан бастап қоян-қолтық ұрыспен айналысады. Қоян – […]
Yearly Archives: 2022
Академиямыздың білім беру өрісі кеңейе түсуде. Жуырда Қашықтан білім беру технологиялары орталығының басшысы Сағыныш Исмагулов Түркия Республикасының Кония қаласында орналасқан Селджук (Селчук) университетімен байланыс орнатып, білім беру саласында әріптестік бойынша келісімшарт жасауға атсалысты. Екіжақ тараптары – ректорлары қол қойған бұл келісімшартта оқу бағыттарының түгелі дерлік қамтылған. Нақтырақ айтсақ, онда оқу, […]
2022 жылдың 7 ақпанында “Bolashaq”академиясының заң пәндері кафедрасының профессоры және құқықтық және экономикалық зерттеулер ҒЗО-ның жетекші ғылыми қызметкері Нұрғалиев Бақыт Молдатияұлы 70 жасқа толады. Бақыт Молдатияұлы ерекше мейірімді, бірақ өзіндік принциптері бар, адамды қызықты әңгімеге тарта білетін, өзінің жетістіктеріне қарапайым түрде қарайтын, артықшылықтарын жарнамаламайтын үлкен зияткер. Ал бүгінгі күнгі оның […]
2 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – да ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен “ЖОО-ның үздік оқытушысы-2021” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ⠀ Биылғы республикалық байқауға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 718 педагог қатысты, олардың 150-і жылдың үздік оқытушылары болды.Жүлдегерлердің әрқайсысына арнайы төсбелгі мен ақшалай сыйлық берілді. Естеріңізге […]
03.02.2022 жылы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының оқытушылары Т.В. Питимирова мен А.Б. Әбілжан күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін “Дені саудың – жаны сау” тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды. Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің дұрыс және салауатты өмір салты туралы түсініктері мен білімдерін қалыптастыру болды. Осы тәрбиелік іс-шараны […]
2022 жылдың 03 ақпанында кәсіптік бағдар жұмысының аясында Балқаш және Приозерск қалаларының 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Шараға Ұлттық тестілеу орталығы филиалының директоры, Қарағанды қаласының барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жауапты хатшылары, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. ЖОО-лардың негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім […]
Ағымдағы жылдың 2-4 ақпаны аралығында біздің ЖОО-ға Орталық Қазақстан академиясы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінен ауыстырылған студенттермен кездесулер өтті. Келген студенттермен проректорлар, студенттерді қолдау қызметтерінің басшылары, кафедра меңгерушілері мен кураторлар кездесті. Қызметкерлер жаңа студенттерге біздің академия туралы айтып, оқу корпустары, кітапхана және басқа да құрылымдар бойынша экскурсия өткізді. Жаңа студенттерді […]
Олимпиаданың 1-туры-тестілеу-2022 жылдың 4 ақпанында “Bolashaq” академиясының интернет-ресурстары негізінде Moodle платформасында өткізілді. Тестілеу нәтижелері бойынша 2022 жылғы 11 ақпанда өтетін 2-ші турға келесі оқушылар өтті: Биология пәні бойынша мемлекеттік тілде оқыту: Байлен Әйгерім-Шет ауданы, Талды ЖББМ (97 б) Нығмет Аяжан-Шет ауданы, Талды ЖББМ (93 б) Жүкей Гүлжан-Теміртау қаласы, “№ 9 […]
2022 жылдың 4 ақпанында “Bolashaq” академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы облыстық олимпиада өткізеді. Олимпиада Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп өткізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 14 өтінім және химия бойынша 13 өтінім берілді. Олимпиада […]
2022 жылғы 24 қаңтарда Орталықтың “Facebook” әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде сараптама комиссиясын қалыптастыру бойынша рәсім жүргізілді, ол кейіннен мемлекеттік грант алуға үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қарайды. Сараптама комиссиясының негізгі және резервтік құрамына “рандомайзер” кездейсоқ сандар генераторын пайдалану жолымен тізілімнен 3 сарапшыдан іріктелді. Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Тайболатұлы Қабжанов […]
2022 жылғы 2 “Bolashaq” академиясының студенттері ZOOM платформасында “Діни экстремизм, терроризм және олардың салдары” тақырыбында Қарағанды облысы Дін істері басқармасы жанындағы ақпараттық-түсіндіру және талдау орталығының басшысы Далабаева Гульнар Бакеновнамен онлайн-кездесуі өткізді. Кездесу барысында теолог-маман студенттерге жат ағымдардан қалай сақтану керек екенін түсіндіріп берді. Одан бөлек, діни сауаттылықтың төмендігі жастардың […]
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазақ тілін оқыту курстарын алдыңғы қатарлы білім беру платформаларына енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында халықтың қазақ тілін өз бетінше үйренуіне арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz» тәрізді тиімді бағдарламалар жұмыс істейді. «Tilqural.kz» (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша қазақ тілін оқыту) электронды порталының […]
«Bolashaq» академиясы студенттері арасында Ахмет Байтұрсынұлының – 150 жылдығына орай «Ахмет оқулары» атты онлайн мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізіледі. Мақсаты: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын жастар арасында кеңінен дәріптеу. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ : Байқауға қатысу үшін үміткерге қойылатын талаптар: Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу; Бейнероликтің басында студенттің […]
31 қаңтарда Zoom платформасында “Bolashaq” академиясының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Исмаилова Р.Н. онлайн форматта академияның студенттік ұйымдарының үйлестірушілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында екінші оқу семестріне арналған жоспарлар талқыланды. Бұдан әрі “Bolashaq” студенттік республикасын жаңарту үдерісі бойынша пікірлер ұсынылды.Талқылау барысында студенттік белсенділікті жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.
2022 жылдың 8 қаңтарында өткен “Жас педагог, психолог”облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауды “Bolashaq” академиясы Қарағанды облысы мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп on-line режимінде өткізді. Байқаудың мақсаты: психологиялық-педагогикалық қызметке қабілеті бар 11-сынып дарынды оқушыларын анықтау және қолдау; гуманитарлық білімді және “Педагогика және психология”, “Бастауышта оқыту педагогикасы […]