Monthly Archives: Сәуір 2022
28 сәуір күні «Тұлға Плюс» психологиялық клубы «Педагогика және психология» ББ бастауыш және соңғы курс студенттерінің басын қосып, психологиялық ғылым әуесқойларын жинады. Отырысты ашқан клуб президенті Дильназа Назарова бүгін талқыланған: «Мнемоникалық процестердің ерекшелігі: адам жадының құпиялары мен психологиялық ерекшеліктері» деген тақырып барлығына және әркімге қатысты екенін және өмірде аса маңызды […]
«Bolashaq» академиясы жеке меншік мекемесі әріптес ұйымдастырушылардың қолдауымен 2022 жылдың 29 сәуірінде «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар» тақырыбындағы секциялық мәжілісі өтті. «Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар» тақырыбында өткен №4 секция жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті […]
№ 6 секциялық отырысты өткізу туралы есеп Педагогика және психология: дамудың өзекті мәселелері мен үрдістері Халықаралық конференция 2022 жылғы 29 сәуірде офлайн және онлайн режимінде өтті. Пленарлық отырыста «Отбасы тұлғаны дамытудағы маңызды фактор ретінде» тақырыбында Қарағанды политехникалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Исмакова Бибсара Сериковна ғылыми баяндама жасады. Сондай-ақ, пленарлық отырысқа шақырылғандар […]
2022 жылдың 29 сәуірінде «Bolashaq» ЖМ академиясында жыл сайынғы «Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесінің дамуы»тақырыбында секциялық отырыс өтті. Пленарлық отырыста э.ғ.д., доцент, А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инженерлік экономика және менеджмент факультетінің деканы Валерий Викторович Бирюков сөз сөйледі. Секция жұмысына шетелдік қонақтар, […]
2022 жылғы 28 сәуірде сағат 16.00-де ZOOM платформасында заң білімінің сапасын арттыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс ҚР БҒМ бастамасымен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Асылханұлының төрағалығымен өтті. «Bolashaq» академиясынан заң білімінің сапасын арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының екі мүшесі, атап айтқанда Нұрғалиев Бақыт Молдатияұлы және […]
27 сәуір күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында студенттермен кездесу өтті.Кездесу барысында, спикер студенттерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметтер көрсетудеге функцияларымен таныстырды. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы ( https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk ) агенттік туралы ақпараттар, атқаратын […]
27 сәуірде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіров Нұрлан Мажитұлы қоғамдық белсенділермен, БАҚ өкілдерімен, Қарағанды облысының ЖОО студенттерімен үлкен кездесу өткізді. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан «JasOtan» жастар қанатының «Bolashaq» академиясы бойынша төрайымы Сыздық Анияш Қайратқызы (Ин-19-2), Қазақстан […]
27 сәуір күні «Шахтер» стадионында AMANAT партиясы жанындағы жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында «QAISAR» әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылар арасында әскери-патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, ұлттық рухты жігерлендіру. Жарысқа қатысушы жастарды қайсарлылық пен жігерлілікке баулу.Ойын ережесіне сәйкес, ұлдар 3000 метр және қыздар 1000 метрге […]
25 сәуір күні «Bolashaq» академиясының Ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай алда тұрған міндеттері жайлы академия студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараның модераторы: Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Исмайлова Р.Н. Кездесу барысында филология ғылымдарының докторы, профессор М. Хамзин Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша академияда […]