Пікір

«Bolashaq» Академиясының ректоры, профессор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевқа 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2020-2021 оқу жылындағы онлайн диплом жұмысын қорғау бойынша қысқаша
ПІКІР
Мен, «Bolashaq» академиясының 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін бітіруші – Асанова Гульмира Сейсембаевна, диплом жұмысын академияның қашықтықтан оқыту программасы бойынша MOODL платформасы арқылы онлайн режимінде қорғадым.
Академия педагог мамандарды дайындауда түрлі жолдар мен бағдарламаларды алға қойып отыр. Осыған сәйкес білікті маман болуымыз үшін академия ұстаздары онлайн үлгісінде талмай еңбек етуде. Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен де, оның мәртебесі мені ойландырмай қоймайды. Мұғалім мәртебесін асқақтатып, қоғам алдында биікке шығара білсек сонда ғана алдыға қойған мақсаттарымыз жүзеге асады деп білемін.
«Bolashaq» академиясында онлайн үлгісінде диплом жұмысын қорғау жақсы жолға қойылғаны байқалады. Диплом жұмысымның кемшіліксіз қорғалуына ғылыми жетекшімнің, топ кураторымның үлесі мол. Жұмыс барысында ынтымақтастық, бірлік, бір-бірімізге деген сыйластық өз нәтижесін көрсетті деп ойлаймын. Сондай-ақ мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелері өздеріне жүктелген жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарды деп ойлаймын. Онлайн режимде диплом қорғау маған еш қиындық туғызған жоқ.
Мен «Bolashaq» академиясының басшылығына, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұжымына алғысымды білдіремін.

«Bolashaq» академиясының 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетінің түлегі Асанова Гульмира Сейсембаевна

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.